1 желтоқсанда мерекелік отшашу ұйымдастырылады

1 Желтоқсан 2019, 11:39
4514
Бөлісу:
1 желтоқсанда мерекелік отшашу ұйымдастырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында 1 желтоқсан күні мерекелік отшашу ұйымдастырылады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Елорда тұрғындары мен қала қонақтары отшашуды Есілдің жағалауында (Сарыарқа ауданында Орталық саябақта), Хан Шатыр ойын-сауық орталығы маңында (Есіл ауданы), сонымен қатар Абылай хан және Пушкин көшелері қиылысында (Алматы және Байқоңыр аудандарының қиылысатын тұсында) тамашалауға болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, отшашуға бюджет қаржысы жұмсалмайды.

Отшашу жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-де басталады.

Өзгелердің жаңалығы