1 тамызға дейін жаңа Стратегиялық жоспар жасалады

29 Шілде 2020, 15:53
1397
Бөлісу:
1 тамызға дейін жаңа Стратегиялық жоспар жасалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Жаңа экономикалық шындық елдің сапалы және орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін экономикалық саясатта түбегейлі өзгерістерді талап етеді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар жаңа редакцияда қалыптастырылатын болады, - деді министр. 

Оның айтуынша, бұл қадам елдің жаңа экономикалық бағытының орта мерзімді перспективаға арналған негізгі бағдарын айқындайды. 

Басты міндет - экономиканың өзін-өзі қамтамасыз етуін арттыруға, импорт алмастыруды тиімді дамытуға, өңдеуші өнеркәсіпте қайта бөлуді дамыту бойынша жаңа экожүйелер қалыптастыруға, инвестицияларды таргеттеу арқылы тартуға, сондай-ақ елдің экспорттық әлеуетін белсенді арттыруға негізделген экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыру болмақ. Бұдан бөлек, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілетін болады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы