Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 1 қараша күніне арналған ауа райы болжамын жариялады.
Оқи отырыңыз:
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Осы күні күндіз Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында жел екпіні 23-28 м/с жетеді. Кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жаяу бұрқасын күтіледі.
Павлодар облысында таңертең және күндіз жел екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерінде жел қарқыны - 15-20 м/с.
Қарағанды облысында тұман түседі.
Түркістан облысының кей жерінде найзағай жарқылдайды. Жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі.
Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман түседі.