1 ақпанда Қазақстанда COVID-19-ға қарсы «Спутник V» вакцинациясы басталады

31 Қаңтар 2021, 13:24
4566
Бөлісу:
1 ақпанда Қазақстанда COVID-19-ға қарсы «Спутник V» вакцинациясы басталады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 1 ақпаннан бастап Қазақстанда «Спутник V» ерікті вакцинациялау науқаны басталады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. 

Бұрын қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде Қарағанды фармацевтикалық кешені елге «Спутник V» вакциналарының алғашқы партиясын жеткізді.

Жалпы, ақпан айында Қарағанды фармацевтикалық кешені вакцинаның 112 мың дозасын, наурызда - 150 мың, сәуірден маусымға дейін – ай сайын 600 мың дозасын жеткізетін болады.

спутник4.jpg

Сондай-ақ сәуір айынан бастап 75 мың доза көлемінде QazCovid-in отандық вакцинасын салдыру жоспарланып отыр. Ол ай сайын 500 мың дозаға дейін ұлғаймақ. Бірінші кезекте халықтың жекелеген топтары - медицина қызметкерлері, полицейлер, әскери қызметшілер және т.б. вакцинациялауға жатады. Вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар жіберіледі. Вакцинация алдында дәрігердің міндетті тексерісі жүргізіледі. Ел бойынша екпе салу пункттерінің дайындығы тексерілді, профилактикалық екпе жүргізу мәселелері бойынша стандартты операциялық рәсімдер бекітілді, 2 мыңнан астам медицина қызметкері оқытылды, - делінген ақпаратта.
Айта кету керек, тек вакцинация ғана коронавирустың одан әрі таралуын шектеп, елде қатаң локдаун шараларын енгізудің жалғыз баламасы болып саналады.

спутник3.jpg


Өзгелердің жаңалығы