Бас жаңалықтар
 "Жолда қабылдау" акциясы жалғасады
16 Мамыр 2019, 11:25 497

"Жолда қабылдау" акциясы жалғасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аумақтық ішкі істер органдары Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасымен азаматтарды мобильді қабылдауды ай сайын жүргізетін болады. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

"Іс-шаралар 17 және 18 мамырда өткізіледі. Полиция департаменттерінің басшылары, әкімшілік полиция, жергілікті және көші-қон қызметтерінің бастықтары «мобильді» қабылдау деп аталатын арнайы жабдықталған автобустарда азаматтар жаппай баратын жерлерде (орталық алаңдар, сауда-ойын-сауық орталықтарының маңындағы, МХҚКО және ХҚКО жақын маңдағы алаңдар) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді", - делінген таратылған ақпаратта. 

Сонымен қатар, "жедел желі" телефондарының жұмысы ұйымдастырылған, олар бойынша жол қауіпсіздігі мен көші-қон заңнамасы мәселелеріне қатысты сұрақтарға жауап алуға болады. Мұндай колл-орталықтар іс-шаралар өткізілгеннен кейін де тұрақты негізде жұмыс істейді. Іс-шаралар өткізілетін жерлер мен «жедел желі» телефондарының нөмірлерін ІІМ ресми порталында жарияланады. 

Осындай акция осы жылдың 5-6 сәуір аралығында да өткізіліп, республика бойынша азаматтарды қабылдаудың 250 мобильді пунктілері жұмыс істеді. Екі күн ішінде "Жолдағы қабылдауға" шамамен 17,9 өтініш келіп түскен болатын.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық