Біртанов коронавирусты анықтайтын қанша тест қалғанын айтты

13 Наурыз 2020, 16:13
2282
Бөлісу:
Біртанов коронавирусты анықтайтын қанша тест қалғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде коронавирусты анықтайтын 9907 тест қалды. Министрлік тағы 100 мың тестке тапсырыс берген.

Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифинг барысында ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

Бізде Ресей, ҚХР-да жасалған, Біріккен Араб Әмірліктері, Қазақстан, АҚШ-тан және Германияда жасалған ДСҰ-ның тест жүйесі бар. Барлығы 15 мың тест алынды. 3389 емделушіге 5093 тест қолданылды. Дәл қазіргі күні 9907 тест қалды. Қазір тапсырыс берген 60 мың тестті күтіп отырмыз. Сондай-ақ қосымша 40 мың тестке тапсырыс бердік. Яғни бізде резервте 100 мың тест болады, - деді Біртанов.

Естеріңізге сала кетейік, Германиядан келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды. Олар Алматыдағы стационарға жатқызылды. Қазір жағдайлары жақсы.

Өзгелердің жаңалығы