Бас жаңалықтар
Құс тұмауы: Павлодарлықтарға аң ауламауға кеңес берілуде
21 Қыркүйек 2020, 23:53 205

Құс тұмауы: Павлодарлықтарға аң ауламауға кеңес берілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында аңшыларға аңдарды, әсіресе құстарды ауламау ұсынылуда, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Руслан Төлепбаев мәлім етті.
11-14 қыркүйек аралығында Железин ауданында індеттің қайдан келгенін анықтау мақсатында жабайы құстарды ату жүргізілді. Атылған құстардан алынған 5 сынаманың 3-де құс тұмауы анықталды. Әзірге жабайы құстар арасында өлім тіркелген жоқ, - деді Руслан Төлепбаев.

Руслан Төлепбаев аңшыларға аңға шығудан бас тартуға кеңес беретіндерін атап өтті.
Жабайы құстар өлімі тіркелмегеніне қарамастан, біз инспекция атынан барлық аңшыларға аңға шықпауға кеңес береміз. Аңшылық маусымын жабуға біздің құзырымыз жетпейді. Сондықтан кеңес берудеміз. Оның ішінде жүзетін құстарды мүлде ауламаған жөн. Ауланған құстардың етін жемеген дұрыс - деді аумақтық инспекция басшысы.

Еске салайық, Павлодар облысында құс тұмауы анықталып, 2 мыңнан астам үй жануары өлген болатын.

Фото: дереккөз
Загрузка...