Құрбан айт. Етке мұқтаж 2,5 мың адам онлайн өтініш жасаған

28 Шілде 2020, 11:34
2977
Бөлісу:
Құрбан айт. Етке мұқтаж 2,5 мың адам онлайн өтініш жасаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласындағы "Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов "Құрбан шалу рәсімін ұйымдастыру шаралары" тақырыбында өткен онлайн брифингте айтты.

Қазақ елі Әбу Ханифа мектебінің талаптарын ұстанады. Ол мектептің құрбандыққа қатысты үкімі уәжіп, міндет. Әбу Ханифа мектебі бойынша құрбандық шалу керек. Яғни мұсылман, ақыл-есі дұрыс адам шариғатта ынсап мөлшері (85 грамм алтыны бар адам) құрбандық шалуы керек, - деді ол. 

Бас имам атап өткендей, биыл құрбандықты тікелей шалуға тыйым салынып отыр. 

Қазір онлайн жүйе іске қосылды. Оны көп адам түсінбей жатыр. Діни басқарма бұл үлкен шараны қолға алды. Онлайн құрбандық деген сіз үшін басқа біреу осы істі мойнына алып жатыр. Сіз үшін құрбандық малын таңдайды, дұғасын оқиды, сіз үшін құрбандық шалады. Бұл құлшылыққа үлкен жауапкершілікпен қарап жатыр. Жеке мүддені, пайданы көздеп жасамау керек. Бұл істі атқару имамдарға үлкен міндет болып отыр. Qurban2020.muftyat.kz сайтына адамдар тікелей өтініштерін білдіріп жатыр, - деді ол. 

Ерболат Жүсіпов айтып өткендей, сайт арқылы тек құрбандық шалатындар ғана емес, етке мұқтаж жандардың да жағдайы қарастырылған. 

Бүгінгі күні сайтқа 2,5 мың адам "ет жағынан көмек берсеңіздер" деген мұқтаждығын білдірді. Қазір 150-ден астам қой мен 5 ірі қараға тапсырыс келді. Бұл жерде сенімсіздік болмауы керек, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы