Құрбан айт намазы оқыла ма?

3 Шілде 2020, 10:13
3024
Бөлісу:
Құрбан айт намазы оқыла ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Құрбан айт биыл қалай өтеді? Бұл сұраққа ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров жауап берді.

Құрбан айт мейрамы кезіне дейін карантин созылса, мешіттерде намаз оқылмайды. Осыған дейін карантиндік талаптарға сәйкес, Ораза айт намазы оқылмаған. Құрбан айт мейрамы құрбандық шалумен ерекшеленеді. Құрбандық малын шалуды қашықтан да орындаса болады. Тапсырыс беру арқылы жасауға болады. Оған барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Әрине, жергілікті әкімдіктің де реттеу жұмыстары болады, - деді ол. 

Наиб мүфти 31шілде Құрбан айт басталатынын айтты. 

31-і күні таңда үш күн бойы құрбандық шалуға болады. Шариғат құрбандық шалуды барлық адамға жүктемейді. Оны тек жағдайы бар адамдар жасаса болады, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бас мүфти қайтыс болған кезде, адамдардың көп барғанын көріп, оны дінге балап жатқанын айтқан еді. Ислам діні ондай дін емес. Ислам діні өзге дін өкілдерін сыйлауды, оларға құрмет көрсетуді бұйырған дін деді ол. Сонымен қатар, ол қазіргі кезде батаны қашықтан беруге мүмкіндік бар екенін де айтты. 
Өзгелердің жаңалығы