Қорғаныс министрлігінің ұшағы апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды

4 Мамыр 2020, 20:35
1869
Бөлісу:
Қорғаныс министрлігінің ұшағы апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінің ұшағы Нұр-Сұлтан қаласынан Балқашқа қарай бет алды.


Бұл туралы ақпаратты қазақстандық блогер Денис Кривошеев Facebook парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан- Ақтөбе бағытында ұшып шыққан С-295 әскери ұшағының алдыңғы шассиі шықпай қалып, айналып ұшып жүрді. 

Қазіргі кезде ол Балқаш жаққа ұшып барады. Ол жердегі ұшу-қону жолағына арнайы көбік себілген. Ұшақ сонда қонады. Әскерилер жағдайды бақылауда ұстап отыр.
Өзгелердің жаңалығы