Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат спикері Дариға Назарбаев бүгін жоғары палатада ауыл шарауашылығы саласындағы проблемаларды көтерді.
Бүгін біз сіздермен әрбір қазақстандықты алаңдататын – ауыл тақырыбын, біздің жер ресурстарымызды дамыту мәселелерін талқылауға жиналып отырмыз. Біздер үшін ауыл нені білдіреді? Қазақтың түп тамыры ауылда жатыр. Ауыл отаншылдықтың қайнар көзі және байырғы дәстүрлердің бұлағы. Сондықтан ауылды дамыту мәселелері әрқайсымызға өте жақын және түсінікті. Бұл ауылдық жерлерде тұратын 42 пайыз қазақстандықтарға ғана емес, барша Қазақстан халқына қатысты үлкен мәселе. Бүгінгі таңда жалпы табыстың өсуіне қарамастан, ауыл тұрғындарының жағдайы жақсы емес екенін білдіріп, ешкімді таңғалдыра алмаймыз, - деді Дариға Назарбаева.
Ол ауыл шаруашылығы саласының проблемасының көп жылдарға жалғасып келе жатқандығын айтып өтті. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарымен жиі кездесіп, мәселелерін тыңдау қажеттігін жеткізді.
Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі саласы, еліміз әрқашан астық өндірумен танымал болған. Ал халқымыздың өмір салтының ажырамас бөлігі - мал шаруашылығы, ол ежелден әр қазаққа интуитивті тұрғыда жақын, генетикалық деңгейде түсінікті. Халқымыз туған жерге ерекше құрметпен қарап келсе де, неге ауыл шаруашылығы көп жылдар бойы экономиканың проблемалы саласы болып келеді? Бұл жағдай бүгін байқап отырғанымыздай қоғаммен, әсіресе, ауылдық жерлердің тұрғындарымен ауқымды әңгіме, кәсіби сұхбатты қажет етеді. Қазақстанда өңірлік даму министрлігі жоқ. Сенат - жергілікті мәслихаттар сайлаған сенаторлар арқылы өңірлерді институционалды түрде көрсететін жалғыз ұлттық орган. Ауылдық жерлерді дамытуға байланысты аймақтық дамудың әлеуметтік проблемалары көп жағдайда біздің де жауапкершілік аймақ екеніне сенімдімін, - дейді Сенат спикері.