Жексенбі күнге арналған ауа райы болжамы

24 Мамыр 2020, 09:30
2156
Бөлісу:
Жексенбі күнге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 мамырда ел аумағында жауын-шашынсыз ауа райы болады деп болжануда. Тек республиканың батысында солтүстік батыстан келген циклонның ықпалына байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтимал. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлайды.

Қызылорда облысында жел 15-20 м/с, кей жерлерде шаңды дауылмен желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күн күркіреп, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейеді, Жамбыл облысында шаңды дауыл тұруы мүмкін. Қостанай облысының кей жерлерінде түнде және таңертең – найзағай, тұман, күндіз желдің жылдамдығы 18 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының түнде және таңертен кей жерлерде тұман түседі. Маңғыстау, түнде Атырау, күндіз Алматы,Қарағаңды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, Түркістан, Қарағанды облыстарының батысында аптап ыстық болады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы