40 жыл бұрын Қытай кедей ел болды – елші

10 Сәуір 2019, 16:32
4014
Бөлісу:
40 жыл бұрын Қытай кедей ел болды – елші
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қытай 40 жылда бүгінгі жетістігіне жету үшін реформа мен ашық саясатты бастады. Бұл туралы бүгін Ұлттық музейде Қытай реформасы мен ашық саясатының 40 жылдығына орай «Бір белдеу, бір жол» бірлескен қытай-қазақ құрылысындағы жетістіктерге арналған фотокөрменің ашылу салтанатында Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо айтты.

«Бүгінгі көрме қазіргі заманауи Қытай туралы айтып бере алады деуге болады. Заманауи Қытай дегенде біз 40 жыл бұрынғы реформалар мен ашық саясат туралы айтпай кете алмаймын. Осыдан 40 жыл бұрын Қытай экономикасы өте төмен болып, кедей ел болды. Осындай жағдайларда Қытай коммунистік партиясы реформалар мен ашық саясатты қолға алып, халықтың еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында мемлекетімізді әлемдік аренадағы екінші жаһандық экономикаға алып шықты. Ол туралы көп естіген шығарсыздар. Бүгінгі фотокөрмедегі туындылар да сол 40 жыл бойы біз өткен жолды баяндап береді. Әрбір фото осы процестегі бір тарих туралы айтады», - деді Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо.

40 жыл бұрын Қытай кедей ел болды – елші

Ұлттық музей директорының орынбасары Абай Сатыбалдин бүгінгі көрменің екіжақты мәдени байланыстың қарқынды дамуының дәлелі екенін тілге тиек етті. 

«2013 жылы Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» бастамасының Қазақстан экономикасы үшін де пайдасы зор екенін дөп басқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол» бағдарламасы «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен түйіндестірілді. Осылайша екі ел арасында қолға алынған жұмыстар оң нәтижесін көрсетті. Қос халықтың бір-бірін біліп, тарихын, салт-дәстүрін тану үшін өзара мәдени байланыс та қарқынды дамып келеді», - деді музей директорының орынбасары.

Ертең Бейжіңде Қазақстан Ұлттық музейі көрмесін ашады.

40 жыл бұрын Қытай кедей ел болды – елші

«Біз Қытай Қазақстанның стратегиялық серіктестерінің бірі екенін бәріміз білеміз. Елдеріміз арасында барлық салада дерлік байланыс динамикалық түрден жақсы дамып келеді. Мәдени-гуманитарлық салада да қарым-қатынас дамуда. Мысалға, соңғы екі жылдың ішінде ҚР Ұлттық музейі Қытайдың музейлерімен бірлесе, бірнеше халықаралық шара өткізді. Оның ішінде 2017 жылы Терракотия армиясы музей көрмесінің елордада ашылуы, Сиан қаласында «Ұлы дала мұрасы және зергерлік өнер жауһарлары» атты көрме де бар. Ұлттық музей мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында екі ірі көрме ұйымдастырмақ. Оның біріншісі Қытай ұлттық музейінде өтеді. Ол ертең ашылады деп жоспарланып отыр. Көрмеде Қазақстанның археологиялық заттары қойылады. Екінші көрме де Қытай Ұлттық музейінде ұйымдастырылады. Онда қазақ ұлттық зергерлік мәдениетінің туындылары ұсынылады. Бүгінгі көрме туралы айтсақ, бұл Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшілігінің бастамасымен қолға алынған фотокөрмелер сериясының жалғасы десек те болады. Бүгін көрмеде Қытайдың саяси, экономикалық, әлеуметтік, халықаралық жетістіктері туралы баяндайтын фотолар қойылды. Мұндай мәдениеттік жобалар – екі ел арасындағы мәдени байланыстың бұдан әрі нығаюына ықпал етеді және мәдени мұраны насихаттауда маңызды рөл ойнайды», - деп түйіндеді сөзін Абай Сатыбалдин. 

Елші Қытайдың соңғы жылдағы даму деңгейіне айрықша тоқталды.

40 жыл бұрын Қытай кедей ел болды – елші

«Соңғы 5 жыл заманауи Қытай тарихында маңызды рөл атқарады. Осы 5 жылдың ішінде біз бұрын қалаған жетістіктерімізге жеттік. Біз 60 млн тұрғынды кедейліктен құтқардық. Осы кезеңде Қытай қоғамында жаңа қарама-қайшылық туындады. Атап айтқанда, қытайлықтардың жақсы өмір сүрудегі үнемі қажеттіліктері және дамудың тұрақтылығы мен толықтығының арасында қайшылық пайда болды. Осыны біліп алған соң, осы бағытта әрекеттендік. Бүгінгі Қытайдың заманауи дамуы – осыған дәлел. Міне, 2013 жылы бастау алған Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында Қазақстан мен Қытай арасында жаңа стратегиялық, жан-жақты ынтымақтастыққа септігін тигізіп қана қоймай, «Нұрлы жол» бағдарламасымен де үйлестірді. Міне, екі ел арасында осындай үлкен жетістіктерге қол жетті. Қазақстан – Еуразиялық құрлықта батыс-шығыс, оңтүстік-солтүстікті біріктіретін транзиттік потенциалды территория екенін көрсетті», - деген елші көрмені аралауға шақырды», - деді Чжан Сяо.

Көрмедегі таңдаулы суреттер сериясы Қытайдың реформалары мен Қазақстандағы достарына ашықтықтың тарихи траекториясы мен жетістіктерін, сондай-ақ екі ел бірлесіп қол жеткізген «Бір белдеу, бір жол» бастамасының жетістіктерін көрсетеді.

2019 жылы сәуір айының соңында Бейжіңде «Бір белдеу, бір жол» екінші халықаралық форумы өтеді. Ол барлық тараптың келісімін біріктіреді. Осы форумда тараптар құрылыс басымдықтарына ерекше назар аударып, ынтымақтастықтың қиындықтары анықталып, «Бір белдеу, бір жол» жобасының одан әрі дамуына үлес қосатын болады. Әдемі «дәстүрлі қытай кескіндемесінің бірлескен құрамы Қытай мен Қазақстан халқына бақыт пен игілік әкеледі.

40 жыл бұрын Қытай кедей ел болды – елші

2018 жылы қытай халқы саяси реформалардың және ашықтықтың 40 жылдығын атап өтті. 1978 жылдан 2018 жылға дейін Қытай Коммунистік партиясы қытайлықтардың басын біріктіріп, басқара білді, реформалар мен ашықтық саясатын іске асырды, социализм жолына қытайлық сипаттамаларымен кіріп, қытайлықтардың қажырлы еңбегі туралы айтатындай тек өз күштеріне сүйеніп, тамаша нәтижелерге қол жеткізді.

Қазіргі әлемде біржақты әрекеттер саясаты өсіп келеді және елдердің экономикалық дамуы қысымға ұшырауда. 

Қытай төрағасы Си Цзиньпин кезінде: «Қытай есіктері ешқашан жабылмайды, олар кеңірек және кеңірек ашыла береді», - деген болатын. Қытай халқы соңғы 40 жылда табысты тәжірибе жинақтаған соң реформаларды тереңдетуде, ашықтықты кеңейтуде дұрыс жолды таңдайды.

2013 жылдың қыркүйек айында ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға жасаған сапары кезінде Назарбаев университетінде сөйлеген сөзінде Н. Назарбаевтың және Қазақстандағы түрлі қоғамдық топтың белсенді қолдауын тапқан Жібек жолы экономикалық белдігін бірлесіп құру туралы бастама көтерді.
40 жыл бұрын Қытай кедей ел болды – елші

Кейінірек Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында халықаралық ынтымақтастыққа қатысқан алғашқы мемлекеттердің бірі болды. Соңғы бес жылда Қытай мен Қазақстан «Бір белдеу – бір жол» бастамасын «Белдеулер мен жолдар» жобасын бірлесіп құру жолында «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатымен байланыстырды және бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізді.

Бүгінгі таңда жалпы құны 27,4 млрд долларды құрайтын өндірістік нысандар саласында 55 қытай-қазақ ынтымақтастық жобалары бар. Олардың ішінде жалпы құны 2,5 млрд доллар болатын 9 жоба аяқталды. Бұл Қазақстан мен Қытай үшін елеулі пайда әкелді.
Өзгелердің жаңалығы