Қазақстанға Қытайдан келетін туристер саны артады

20 Қараша 2019, 11:25
9542
Бөлісу:
Қазақстанға Қытайдан келетін туристер саны артады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның 9 туристік компаниясы қытайлық әріптестермен 500-ден астам кездесулер өткізді. Олар Қазақстан аумағында, оның ішінде Ұлы Жібек Жолы бойындағы трансшекаралық туристік бағыттарды ұсынды, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Туристік бағыттардың барлығы Қытайдың Куньмин қаласында өткен China International Travel Mart 2019 халықаралық көрмесінде таныстырылды. "Kazakh Tourism" биыл Қытай жерінде ұйымдастырылған үшінші салалық көрмеге қатысып, ұлттық стендті ұсынды. Айта кетерлігі, отандық тур компаниялар үшін стендтегі орындар тегін болды. Бұл мемлекет тарапынан жасалған қолдау.

тр1.jpg

Жалпы, CITM 2019 көрмесінде әлемнің 75 елінен 3800-ден астам экспоненттер қатысты. Осылайша, үш күннің ішінде қазақстандық тарап туристік көрмелердің ұйымдастырушылары, туризм саласындағы беделді ұйымдар және ҚХР нарығындағы жарнаманың цифрлік технологиясымен қамтамасыз ететін компаниялармен байланыс орнатты.
Биылғы ұлттық стендтің басты ерекшелігі оның "Meet QASAQs" тұжырымдамасына сәйкес, Қазақстанның туымен түстес реңде безендірілген. Оған қоса, Қытайда алғаш рет стендтің аумағын 30-50 шаршы метрден 100 шаршы метрге дейін ұлғайтылған. Бұл өз кезегінде, қазақстандық тур бизнес өкілдерін еркін орналастырып, мәдени бағдарламаны ұйымдастыруға анағұрлым қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді, - делінген таратылған ақпаратта.
тр3.jpg

Атап өтерлігі, Қытайдың 140 млн тұрғыны жылда шетелге саяхаттап шығады. Алайда, 2018 жылы біздің елге небәрі 51 418 Қытай туристі келген.
Салыстырмалы түрде қарастырсақ, Чехияны 600 мың Қытай азаматы араласа, Ресейге 1,3 млн барған, Францияға ұшатындар саны 2 млн, ал Италияға қатынайтындар саны 5 млн-ға жеткен. Қытайдан келетін туристер легін ұлғайту үшін, жыл аяғына дейін Қазақстан тәулігіне орта есеппен 1 млрд халық кіретін қытайлық WeChat және Weibo аккаунтарын ашуды жоспарлап отыр. Келесі жылы мақсатты топқа бағытталған белсенді жарнама іске қосылады, - делінген ақпаратта.
тр2.jpg

Жалпы, салалық көрмелер жаңа тур бағыттарды сәтті ілгерілетуде 35% үлесін қоса алады. Цифрлы технологияларды қолдану да тиімділігі жағынан артық болмаса, кем түспейтіні анық. Бұдан бөлек Қытай еліне түрлі роуд-шоу, пресс- және блогтурларды ұйымдастыру қолға алмақ. 

Көрме кезінде Қазақстан мен Гонконгтің TKS Exhibition Services LTD, сонымен қатар, ҚХР туризм және мәдениет министрлігі жанынан құрылған Sunny Communications ұйымымен меморандумдарға қол қойды. Аталған келісімдерге сәйкес, қазақстандық тараптың алдағы уақытта ITE және CITM сынды Қытайдың ірі салалық көрмелеріне қатысуы жалғасын табатын болады. Сондай-ақ, ұлттық компания қытайлық Lavender Media China компаниясымен тур өнімдерді нарықта ілгерілету және кросс-маркетинг сынды бірлескен жұмыстарды атқару бойынша келісім жасалды.
   

Өзгелердің жаңалығы