УЕФА Суперкубогында алғаш рет әйел төреші қазылық етті

15 Тамыз 2019, 09:26
2453
Бөлісу:
УЕФА Суперкубогында алғаш рет әйел төреші қазылық етті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен футболдан УЕФА Суперкубогында әйел төрешілер қазылық етті. 

УЕФА Суперкубогын Англияның "Ливерпуль" мен "Челси" клубы сарапқа салды. Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталып, пенальтиден "Ливерпуль" жеңіске жетті. 

Осы ойында франциялық 35 жастағы Стефани Фраппар бастаған әйел төрешілер қазылық етті. Ол өзі кезінде футболшы болған. Биыл көктемде Францияның ерлер арасындағы ең жоғарғы дивизионы 1 лигасына төрелік еткен алғашқы әйел атанды. Одан бөлек, әйелдер арасындағы әлем чемпионатында жұмыс істеді.

WhatsApp Image 2019-08-15 at 09.31.29.jpeg

Ойын алдындағы баспасөз мәжілісінде Фраппар "дұрыс шешім қабылдай аламын ба?" деген ешқандай қорқыныштың жоқ екенін айтты. 

WhatsApp Image 2019-08-15 at 09.31.27.jpeg

"Қателік жіберсем, ерлерден екі есе артық сынайды деп ойламаймын. Әрине, ерлердің ойынының деңгейі әйелдерден айырмашылығы көп. Бірақ ереже бәріне бірдей. Біз техникалық және физикалық тұрғыдан ерлермен бір деңгейде екенімізді дәлелдей алдық", - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы