Бас жаңалықтар
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының отырысы өтіп жатыр
18 Қыркүйек 2019, 10:02 1481

Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының отырысы өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ХVІІІ отырысы басталды.

20190918095815_IMG_9686-01.jpeg

Бүгінгі шарада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съез қорытындылары мен хатшылық қызметінің келешегі бойынша пікір алмасу жоспарланған. Бұған қоса, 2021 жылғы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезін өткізу бойынша ұсыныстар айтылмақ. Мәселен, Съездің негізгі тақырыбы, секциялық отырыстардың тақыптары, өткізілу мерзімдері талқыланады.

Сондай-ақ, Съез хатшылығының ХІХ отырысын өткізу уақыты мен орны анықталады. Ал соңында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі хатшылығының XVIII отырысының хаттамасы қабылданады.

20190918101315_IMG_9757.JPG

Отырысқа қатысушылар құрамы: 

Ислам өкілдері: 

Назир Мұхаммед Мұхаммед әл-Назир Аяд – «Әл-Азһар» Ислам зерттеулері академиясының Бас хатшысы (Мысыр Араб Республикасы);  

Әбдулазиз Ахмад Сархан – Дүниежүзілік Ислам Лигасының өкілі, Көмек көрсету, күтімге алу және даму мәселелері жөніндегі халықаралық ұйымының Бас хатшысы (Сауд Арабиясы Корольдігі);

Мұхаммед Абдулуахед Абдулла әл-Арифи – Сауд Арабиясы Корольдігі Ислам, уақып және уағыз істер министрлігі Діни атташелер мен маусымдық бағдарламалар жөніндегі департаментінің Бас директоры;

Мұхаммед Мехди Тасхири – Иран Ислам Республикасы Мәдени және ислам байланыстары жөніндегі ұйымының  Халықаралық дінаралық диалог орталығының басшысы;

Мұхаммед Зия Уль-Хак – Исламабад Халықаралық ислам университетінің Ислам зерттеу институтының бас директоры (Пәкістан Ислам Республикасы);

Мұхаммед әш-Шаххат әл-Джинди – Мысыр Араб Республикасы уақыптар министрінің өкілі, «Нұр-Мүбарак» Қазақстан-Мысыр Ислам мәдениеті университетінің ректоры.

Христиан өкілдері:

Димитрий Сафонов – Орыс Православие Шіркеуі Мәскеу Патриархатының Сыртқы шіркеу байланыс бөлімінің дінаралық байланыс хатшысы, дін қызметшісі;

Маркос Оганесян – Армян Апостол шіркеуінің украин епархиясының басшысы, епископ;

Халед Акаше – Діниаралық диалог жөніндегі Папа Кеңесі Ислам бюросының басшысы, монсеньор (Ватикан).
Ричард Аткинсон – Англикан шіркеуінің өкілі, Бэдфорд қаласының eпископы;

Юрий Новгородов – Дүниежүзілік лютеран федерациясының өкілі, Қазақстандағы Інжіл-лютеран шіркеуінің архиепископы.

Иудаизм өкілдері:

Ицхак Лоринц – Израильдің Бас сефард раввинінің өкілі, Иерусалимдағы Оңтүстік Америка қоғамдығының раввині;

Моше Хайм Лау – Израильдің Бас ашкеназийлік раввинінің өкілі, Нетания орталығының бас раввині.

Буддизм өкілдері:

Танес Сучарикул – Бүкіләлемдік буддистер қауымдастығы Президентінің кеңесшісі (Таиланд);

Ши Чунвен – Қытай буддистер қауымдастығы Бас хатшысының орынбасары;

Хунхур Бямбажав – Моңғолияның Буддистік орталығы «Гандан Тэгчэнлин» ғибадатханасының Да Ламасы, Занабазар атындағы Будда институтының директоры;

Ян Ки Хун – Корея Чогие буддистік ұйымының Орталық Азиядағы өкілдігінің және Жаынса ғибадатханасының директоры.

Даосизм өкілі:

Инь Минфан – Қытай даосистер зерттеу орталығының басқарма бастығының орынбасары.

Индуизм өкілі:

Кала Дхананджей Ачария – «Сомайя Бхаратия Санскрити Питам» үнді мәдениеті орталығының директоры (Үндістан).

Халықаралық ұйымның өкілі:

Маджид Абдулазиз ат-Турки – Ресей-араб зерттеу және ақпарат орталығының төрағасы (Сауд Арабия Корольдігі).

Қазақстанның діни бірлестіктерінің өкілдері:

Серікбай қажы Ораз – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти;

Геннадий – Қаскелендік епископы, Астана епархиясының викарийі, Алматы Православ Рухани семинариясының ректоры, Қазақстан Митрополиттік округінің іс басқарушысы; 

Томаш Бернард Пэта – Нұр-Сұлтан қаласы Қасиетті Мәриям Рим-Католиктік Архиепархиясының архиепископы, Қазақстан католик епископтері Конференциясының төрағасы, митрополит;

Ешая Элазар Коген – Қазақстанның Бас раввині.

Қазақстан Республикасының өкілдері:

Дәурен Абаев – Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі;

Ержан Ашықбаев – Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрінің орынбасары, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі хатшылығы басшысының орынбасары;

Марат Әзілханов – Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкілі;

Алтай Әбибуллаев – Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Нұрсұлтан Назарбаев орталығының Басқарма төрағасы.


Фото: Артём Чурсинов
Загрузка...