Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты бейбітшілік саласында Нобель сыйлығына ұсыну жөніндегі ресми хатты табыстады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Mail Online таратқан мәліметке сәйкес, рәсім 2024 жылғы 8 шілдеде Вашингтонда өткен екіжақты кездесуде жүзеге асты. Израиль үкімет басшысы АҚШ президентімен Газа секторындағы қақтығысты тоқтату жолдарын талқылау үшін келген болатын.
Құрметті президент мырза, мен сізге Нобель сыйлығы комитетіне жолдаған хатымды табыстағым келеді. Онда сізді Бейбітшілік сыйлығына ұсындым. Бұл марапат – сіздің толықтай лайықты еңбегіңіздің көрінісі. Сіз бұл сыйлыққа ие болуыңыз керек, - деді Нетаньяху.
Израиль премьерінің айтуынша, бұл бастама – Дональд Трамптың халықаралық аренада бейбітшілік орнатуға қосқан үлесін ресми түрде мойындау мақсатында қолға алынған. Атап айтқанда, ол АҚШ-тың Израиль мен бірқатар араб елдері арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіруге бағытталған бастамаларына ерекше назар аударды.
Еске салайық, бұған дейін Трамп Қазақстаннан келетін барлық импортқа 25% баж салығы енгізілетінін хабарлаған болатын.