Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Нетаньяху: Израильдің мақсаты – Иранның ядролық және зымырандық бағдарламаларын жою

17 Маусым 2025, 02:40
823
Бөлісу:
 AP Photo / Julia Nikhinson
Фото: AP Photo / Julia Nikhinson

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху 16 маусымда жасаған мәлімдемесінде елінің Иранға қарсы әскери операциясының басты мақсаты – Тегеранның ядролық және зымырандық бағдарламаларын жою екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Israel National News-ке сілтеме жасап.

Біз үш негізгі мақсат көздеп отырмыз: Иранның ядролық бағдарламасын тоқтату, терроризм осін жою және зымыран өндірісін тоқтату, – деді ол брифинг барысында.

Нетаньяху сонымен қатар, Израильдің әрекеттері АҚШ-пен үйлестіріліп жатқанын нақтылады.

Сол күні Израиль басшысы Иранның Жоғарғы көшбасшысы аятолла Али Хаменеидің көзін жою мүмкіндігі қарастырылып жатқанын растады. Оның айтуынша, мұндай сценарий мүлдем жоққа шығарылмайды.

Еске сала кетсек, 13 маусымда Израиль Иранға қарсы ауқымды соққы жасап, елде төтенше жағдай жариялаған болатын. Сол кезде де Нетаньяху операцияның басты мақсаты Иранның ядролық инфрақұрылымын жою екенін мәлімдеген. Бұл шабуылдарға жауап ретінде Иран бірнеше мәрте зымырандық соққы жасады.

Өзгелердің жаңалығы