Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Нетаньяху: Израиль Газада Палестина мемлекетінің құрылуына жол бермейді

Бүгiн, 07:14
182
Бөлісу:
 AP Photo / Nathan Howard
Фото: AP Photo / Nathan Howard

Израиль Газа секторында Палестина мемлекетін құруға мүмкіндік бермейді. Бұл туралы елдің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Газада Палестина мемлекетін құруға жол беріледі деген пікірлер айтылып жатыр. Бұл болған емес және болмайды, – деді Израиль үкіметінің басшысы.

Оның айтуынша, Израиль Газа секторын толық демилитаризациялауды және ХАМАС радикалды қозғалысын қарусыздандыруды талап етеді. Сондай-ақ анклав аумағында Түркия немесе Катар әскерлерінің орналасуына жол берілмейді.

Нетаньяху Израиль Иордан өзенінен Жерорта теңізіне дейінгі бүкіл аумақтың қауіпсіздігін бақылауда ұстауды қолдайтынын атап өтті. Бұл талап Газа секторына да қатысты.

Премьер-министрдің сөзінше, 26 қаңтарда соңғы кепілге алынған адамның мәйіті Израильге қайтарылғаннан кейін ел билігі ХАМАС-ты толық қарусыздандыру және Газаны демилитаризациялау бағытындағы операцияларды аяқтауға күш салады.

Өзгелердің жаңалығы