Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Нетаньяху Газаға барды: Израиль ХАМАС-қа қарсы жаңа операцияны мақұлдады

22 Тамыз 2025, 01:18
797
Бөлісу:
 Abir Sultan/ Pool Photo via AP
Фото: Abir Sultan/ Pool Photo via AP

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Газа секторына барып, Израиль қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) Газа қаласын басып алу және ХАМАС қозғалысын жеңу жоспарын қолдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Ynet агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін мен Газа секторына Израиль армиясының Газа қаласын бақылауға алу және ХАМАС-ты жеңу жоспарын растау үшін келдім, - деді ол.

Премьер-министр резервшілер мен армияның дайындық деңгейін жоғары бағалады.

Нетаньяху сондай-ақ кепілге алынғандарды босату және Израиль үшін қолайлы шарттарда атысты тоқтату жөніндегі келіссөздерді дереу бастауды тапсырғанын айтты. Оның сөзінше, ХАМАС-ты жеңу мен тұтқындар мәселесі қатар қарастырылуда.

Израиль әскері Газа қаласына шабуылды 20 тамызда бастаған. Қазіргі уақытта қала шетінің бір бөлігі бақылауға алынғаны хабарланды. Операция «Гидеон – 2 арбалары» деп аталып, оған 60 мың резервші шақырылған. Сонымен қатар, тағы 20 мың әскери қызметшінің мерзімі ұзартылды.

Өзгелердің жаңалығы