Несие мен қарыз мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кедергі емес

29 Наурыз 2023, 13:04
1510
Бөлісу:
Несие мен қарыз мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кедергі емес
Фото: syrboyi.kz

Алматы қаласының әкімдігінің немесе Тұрғын үй басқармасының қызметкері ретінде өздерін таныстыратын алаяқтардың алдын алу мақсатында Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Егер Сіз Алматы қаласы әкімдігінің тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрсаңыз, онда Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 74-бабына сәйкес, кезекте тұрғандарға жалға берілетін тұрғын үй тек кезектілік тәртібімен беріледі. Бұл ретте, кредиттік тарихы және екінші деңгейдегі банктер мен микрокредиттік қаржы ұйымдары алдындағы несиелер мен қарыздары бойынша берешектер мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алуға әсер етпейді», – дейді Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы

Алматы қаласы әкімдігінде кезекте тұрған азаматтар өз кезектерін www.kezekte.kz сайтында («ЖСН бойынша кезектегі нөмірді тексеру» сілтемесі арқылы) немесе басқарма телефондарына қоңырау шалу арқылы бақылай алады.

«Алматы қаласы әкімдігінің немесе Тұрғын үй басқармасының қызметкерлері атынан белгісіз тұлғалар мен алаяқтардан қоңырау түскен жағдайда, құқық қорғау органдарына қоңырау шалған телефон нөмірін, қоңырау шалушының аты-жөнін жазып алып, өтінішпен жүгінуіңізді сұраймыз», – делінген мәлімдемеде. 

Басқарма мамандары азаматтарды ерекше жағдайларда ғана және қажетті құжаттарды ұсыну, пәтерге жалдау шарты мен сатып алу-сату шарттарына қол қою үшін басқармаға шақыратынын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы