Бұл туралы «Бірінші кредиттік бюроның» ұйымдастырумен өткен пресс-конференцияда айтылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
«БКБ» басшысы Руслан Омаров кепілсіз несие алатын адамдардың негізі жас категориясын атап өтті.
30-44 жас аралығындағы адамдар 4,203 млрд теңге көлемінде кепілсіз несие алған. Бұл кепілсіз несие алушылардың ең көп бөлігі. Ал 45-62 жас аралығында 2,531 млрд теңге, 23-29 жас аралығында 1,538 млрд теңге, 18-22 аралығындағы азаматтар 476 млрд теңге көлемінде несие алған. Яғни, тұтынушылық несие алатын адамдардың негізгі жасы 30-44 аралығында, – деді ол.
Сондай-ақ «Бірінші кредиттік бюроның» басшысы кепілсіз несиенің саны өткен жылы 30%-ға өскенін мәлімдеді.
Жалпы кепілсіз несие көлемі 9,5 трлн теңгені құрады. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол 28,9%-ға (2,1 трлн теңге) өсті. 2023 жылы берілген кепілсіз орташа несие 284 мың тең болды, – деді Руслан Омаров.