Непалда қатты нөсер салдарынан 150-ден астам адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Hindustan Times газеті таратқан мәліметке сүйенсек, Катманду мен оған жақын орналасқан аудандарда әлі жүздеген адам хабар-ошарсыз кеткен.
Белгілі болғандай, соңғы тәулікте ел астанасында 1970 жылдан бері жаумаған жауын-шашын жауып, соңы су тасқынына ұласқан.
Гималай елдері метеоорталығының болжамына сәйкес, Катмандуда орта есеппен 240 мм жауын-шашын жауса, кейбір аудандарда ол 322 мм-ге жеткен.
Құтқару операциясы жалғасуда, құрбан болғандар саны бұдан да көп болуы мүмкін. Құтқару бригадасы 3,3 мың адамды қауіпсіз жерге жеткізді. Құтқару операцияларына тікұшақтар мен моторлы қайықтар жұмылдырылды, - деді полиция өкілі Дэн Бахадур Карки.