Неміс ғалымдары «омикрон» штамына қатысты болжам жасады

20 Желтоқсан 2021, 19:30
1471
Бөлісу:
Неміс ғалымдары «омикрон» штамына қатысты болжам жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Неміс ғалымдары мутацияланған коронавирус штамына қатысты болжам жасады.

Фрейбург университеті клиникасының иммунологы Кристоф Нойман-Хефелин «омикрон» өте жұқпалы, сондықтан күніне жүздеген мың адам шалдығуы мүмкін дейді. Қаңтар айының ортасында Ұлыбританиядағы жағдайға қарағанда бұл штамм Германияда басым болуы мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, халықтың белсенділігі мен әлеуметтік байланыстарды едәуір азайту қажет. Сондай-ақ инфекцияның ауыр зардаптарынан құтылу үшін вакцинация алу ұсынылады.

Жаңажылдық мерекелер мен туристік маусымның қызған уақытында Вьетнамда коронавирус өрши түсті.

Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясының 16 110 жағдайы тіркелді. Оның 17-сі шетелден тасымалданған. Індет жұқтырғандардың ең көп саны ірі қалаларда анықталды: Ханой астанасында – 1 405, Камауда - 1 345, Хошиминде - 1 014 жағдай. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше елдегі инфекциялардың жалпы саны 1 540 478 – ге жетті, ал қайтыс болғандар саны 29 566 адамды құрады. Ведомство Вьетнамның 99 миллионнан астам тұрғынының 62 миллионы КВИ вакцинациясының екі компонентімен алғанын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы