Немересін көруге барған: депутатты Гонконгке кіргізбей қойды

14 Сәуір 2025, 01:47
379
Бөлісу:
Немересін көруге барған: депутатты Гонконгке кіргізбей қойды
Фото: Finnbarr Webster / Getty Images

Ұлыбританияның Либералды-демократиялық партиясынан сайланған парламент мүшесі Вера Хобхаус Гонконгқа кіре алмады. Бұл туралы ол The Sunday Times басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Депутаттың сөзінше, ол үш айлық жаңа туған немересін көру үшін сапарға аттанған. Алайда, 13 сағаттық ұшудан кейін Гонконг әуежайында оны қауіпсіздік қызметі ұстап, бірнеше сағат жауап алған соң, кері қайтару рейсіне отырғызған.

Ұлым мені әуежайда күтіп тұрды. Бірақ біз бір-бірімізді көре де алмадық, құшақтасуға да мүмкіндік болмады. Біз бір жыл бойы жүздеспеген едік, – деп бөлісті депутат.

Депутат бұл жағдайды «қатыгез әрі жүректі ауыртатын соққы» деп атады.

Вера Хобхаус Қытайдағы адам құқықтарының бұзылуына қарсы күресіп жүрген Парламентаралық Қытай Альянсының (IPAC) мүшесі. Ол бұған дейін Бейжіңнің Гонконг пен Тибеттегі әрекеттерін ашық сынаған.

Бұған дейін де Қытай билігі осы альянстың бірнеше мүшесіне, оның ішінде Ұлыбритания депутаттарына Гонконг пен Қытайға кіруге тыйым салған болатын.

Өзгелердің жаңалығы