Қазақстанда сотталғандар Нельсон Мандела күнін атап өтті

18 Шілде 2019, 13:12
3996
Бөлісу:
Қазақстанда сотталғандар Нельсон Мандела күнін атап өтті
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сотталғандар йога жаттығуларын жасап, турникке тартылды. 

IMG_1063.jpg

Бүгін бүкіл әлем Халықаралық Нельсон Мандела күнін атап өтіп жатыр. Осы күнге орай
Нұр-Сұлтандағы ҚАЖ департаментіне қарасты ЕЦ -166/10 мекемесінде сотталғандар йога мен спорттық жаттығулар жасап, ән айтты, флешмоб өткізді.

IMG_1103.jpg

"Бүгінгі іс-шараны БҰҰ мен Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бірлесе ұйымдастырды. Сотталғандар би билеп, ән айтты. Спорттық жаттығулар жасап, йогамен айналысуды көрді. Мұндай шараларды өте жиі өткіземіз. Түрлі мерекені атап өтеміз және белсене қатысқан сотталғандар марапатталады", - деді мекеме басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әділет подполковнигі Ғабит Стамбеков.

IMG_1310.jpg

Айтуынша, мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандар күндіз жұмысқа барып, кешке қайтып келеді.

IMG_1318.jpg

"Қауіпсіздігі барынша төмен мекеме болғандықтан, негізінен, абайсызда қылмыс жасағандар келеді. Басқа ауыр қылмыс жасап жазасын өтеушілермен салыстырғанда бұлардың өмірге деген көзқарасы, осындай тәрбиелік шараларға көзқарасы басқаша. Өйткені, бұлар - абайсызда қылмыс жасағандар. Мұнда жоғары білімі бар да, студент те, лауазымды қызметкер де, құрылысшы да, мұғалім де, яғни түрлі саланың түрлі лауазымдағы қызметкерлері жазасын өтейді. Мысалға, абайсызда жол апаты болып, адам өлімі болса, осында келеді. Мұнда келгендерді жұмыспен қамтимыз. Мекеменің сыртында жұмыс істейтіндер таңертең кетеді, кешке қайтып келеді. Осы іште өндірістік аймақ бар. Онда орын болмай қалса, қалаға жұмысқа орналасады. Жұмыс беруші алып кетеді, алып келеді", - деді Стамбеков.

IMG_1314.jpg

Сотталған 20 жастағы қыз бұзақылық жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр. 

"Мен мұнда үлкен жастағы әйелді қатты ұрғаным үшін отырмын. Жазамды өтеп жатырмын. Өзім белсенді қыз болғандықтан барлық шараға қатысуға тырысамын. Тәртібімді жақсартып, тезірек шықсам деп тілейтінмін. Міне, 30 шілде күні осы жердегі соңғы күнім болуы мүмкін. Анам күтіп отыр. Шыққан соң одан бірнеше мың рет кешірім сұраймын. Кешіреді деп үміттенемін. Жұмыс істеп, анамның қалаған нәрсесін алып бергім келеді. Әзірге осы жерден шаққаннан кейінгі жоспарым сол - жақсы жұмыс табу," - деді атын және түрін жасырған жас қыз.

IMG_1121.jpg

IMG_1260.jpg

18 шілде әлемнің түкпір-түкпірінде Нельсон Мандела күні аталып өтуде. Өмірінің 27 жылын бас бостандығынан айыру орнында өткізген Манделаның бейбітшілік пен бостандыққа қосқан орасан зор үлесіне құрмет ретінде Бас Ассамблея 1955 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының қамаудағы адамдармен қарым-қатынастың ең төменгі стандарттық ережелерін – «Нельсон Мандела ережелерін» қабылдады.

IMG_1117.jpg 

IMG_1286.jpg

«Нельсон Мандела ережелерінің 4 және 23-тармақтарына сәйкес біз берілген мүмкіндіктер мен қолдағы бар құралдардың шеңберінде сотталғандардың білім алуын, кәсіптік мамандық игеруін, медициналық және өзге де әлеуметтік қолдау алуын қамтамасыз етеміз. Еліміздің барлық мекемелерінде бас бостандығынан айырылған адамдардың түзу жолға түсіп, әлеуметке қосылуына, спортпен айналысуға, рухани көмек алуға жағдайлар жасалған», - дейді ҚАЖ комитетінің басқарма басшысы Бекболат Шакиров. 

IMG_1078.jpg

Шара барысында жігіттер көше спорт түрінен (street workout-дворовой спорт) жаттығу жасады. Олардың жаттығуына ілесе кеткен Дмитрий мұндай жаттығуларды бостандықта жүргенде жасайтынын айтты. Ал мұнда ол есірткі затын сақтағаны үшін жазасын өтеп жатыр. Ол шарадан алған әсерімен бөлісті.

IMG_1306.jpg

«Шыны керек, бүгінгі шара қатты ұнады. Жаңа жігіттердің жасағанын көріп, мен де жасай алатынымды көрсеткім келді. Сосын олар түрлі жаттығу жасатты. Өзімді күшті сезініп қалдым. Басқа жігіттердің де белсене қатысқанын көрдіңіздер. Мұндай шаралар жиі болады. Дегенмен бүгінгіcі өзіме ерекше әсер қалдырды. Фотоларымды анама жолдаймын. Мәз болып қалар. 3 балам мен әйелім де күтіп отыр», - деген Дмитрий шарада түскен фотоларды анасына жіберуімізді өтінді.

IMG_1177.jpg

IMG_1186.jpg

Еліміздегі жазаларды орындау органдары соттың үкімімен сотталғандардың тек бостандығынан ғана айырылғанын түсінеді, алайда қазіргі жағдайда олардың мәдени және білім беру қызметіне араласуы, құқықтарының қорғалуы күн өткен сайын маңызды болып келеді. Сондықтан бүгінгі уақыт қылмыстық-атқару жүйесін әрі қарай жетілдіруге бағытталған бірқатар ұйымдастырушылық-практикалық шараны жүргізумен сипатталады.

IMG_1162.jpg

IMG_1205.jpg

IMG_1220.jpg

ББҰ-ның Есірткі және қылмыс басқармасы (ЕҚБ) Нельсон Мандела ережелерінің 150 елде орындалуын үйлестірушілердің бірі болып табылады, оның ішінде Қазақстанға да қылмыс пен терроризмге қарсы техникалық көмек көрсетумен айналысады. 2018 жылғы желтоқсаннан БҰҰ ЕҚБ серіктестермен «Пенитенциарлық мекемелердегі экстремистік және террористік бағытта қылмыс жасаған сотталғандармен жұмыс ұйымдастыруда және оларды радикалды ойдан арылтудың алдын алудағы күштерді қолдау» жаһандық бағдарламасын іске асыруда. БҰҰ-ның қамаудағы адамдармен қарым-қатынастың ең төменгі стандарттық ережелерін практикалық тұрғыда іске асыруға жәрдемдесу - бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі.

IMG_1227.jpg

IMG_1152.jpg

«Халықаралық Нельсон Мандела күнін әлемдегі 11 миллион тұтқындағы азаматтардың, сондай-ақ олардың түрмеде жазасын өтеуге және ұсталуына жауап беретін түрме қызметкерлерінің жұмысындағы проблемаларға көңіл бөлуге жақсы мүмкіндік. Нельсон Мандела ережелері темір торда отырған адамдарың негізгі құқықтары мен ар-ұждандарын қорғауда жетекші құрал болып табылады. Сотталғандарға деген ізгі қарым-қатынас қоғамның қауіпсіздігі мен амандығына бірден-бір инвестиция», - дейді БҰҰ ЕҚБ халықаралық үйлестірушісі Мадина Сариева. 

IMG_1108.jpg

Бұдан басқа Нельсон Мандела күніне орай еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде түрлі мәдени-көпшілік іс-шара өтіп жатыр. Мәселен, Алматы қаласында орналасқан балалар колониясының сотталушылары үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездессе, СҚО мекемелерінің жеке құрамы әйгілі құқық қорғаушы Нельсон Манделаның өмірі мен қызметі жайлы дәрістер тыңдады. Ал Шығыс Қазақстан облысындағы колонияларда Манделаның құрметіне бейбітшілік тақырыбында қабырға газеттерінен байқаулар ұйымдастырылса, павлодарлық сотталғандар гүл отырғызды.

WhatsApp Image 2019-07-18 at 13.32.51.jpeg

Фото: дереккөз

WhatsApp Image 2019-07-18 at 13.32.52.jpeg

Фото: дереккөз

Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кийтуметци Мэттьюс ханым - Оңтүстік Африка, Мандела және нәсілшілдік туралы BAQ.KZ тілшісіне арнайы сұқбат берген болатын.

Өзгелердің жаңалығы