Неліктен вакцинацияланған жолаушылар ұшаққа отырар алдында ПТР анықтамасын ұсынуы керек?

14 Сәуір 2021, 17:52
1876
Бөлісу:
Неліктен вакцинацияланған жолаушылар ұшаққа отырар алдында ПТР анықтамасын ұсынуы керек?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы «Елдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және вакцинация жүргізу барысы туралы» өткен онлайн брифинг барысында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты.

Шын мәнінде, біз вакцинация паспортын адамның жағдайын нақты анықтау үшін, жүйеде азаматтың вакцинаның алғашқы дозасын қашан алғанын көруіміз үшін вакцинацияның көлемін есепке алу және жоспарлау мақсатында енгізгенімізді еске салғым келеді, - деді Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі.

Марат Шоранов ПТР-тест өткізу бойынша шектеулерді алып тастау үшін жағдайды жеңілдетуге қатысты бүгінде халықаралық тәжірибе зерделенгенін және вакцинация көлемі айтарлықтай көп елдердегі жағдай қаралғанын атап өтті.

Олар әуе кемесіне қатысты ПТР-тест жүргізу ережелерін тоқтатпады. Вакцина алған адамның да коронавирустық инфекцияның тасымалдаушысы болу мүмкіндігіне байланысты, бірінші кезекте, барлық жолаушының денсаулығын ойлауымыз керек, - деп түсіндірді вице-министр.

Ол бұған дейін 18 жасқа дейінгі балаларға вакцина салу мәселесіне қатысты пікір білдірген болатын.

Өзгелердің жаңалығы