Некені өтініш бергеннен кейін 15 күннен кейін тіркей алады

20 Тамыз 2022, 10:35
1055
Бөлісу:
Некені өтініш бергеннен кейін 15 күннен кейін тіркей алады

Бұрын некеге тұру туралы өтініш бір ай бұрын берілуі тиіс болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2022 жылғы 15 тамыздан бастап қазақстандықтар eGov.kz электрондық үкімет порталында және eGov mobile мобильдік қосымшасында өтініш бергеннен кейін күнтізбелік 15 күн өткен соң некені тіркей алады. 

Электрондық үкіметтің хабарламасы бойынша "Өзгерістер ҚР ӘМ бастамасы бойынша неке қию мерзімдерін оңтайландыру және отбасын құрудағы кедергілерді жою мақсатында, "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды дамыту, ақпараттық қауіпсіздік және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңымен енгізілді.

Алғаш рет некеге тұрған және балалары жоқ жастарға құжаттардан жеке куәлік ұсынса жеткілікті болады. Сондай-ақ, 1 АЕК көлемінде мемлекеттік бажды төлеу қажет.

Некені тіркеуге eGov.kz порталында және eGov mobile мобильдік қосымшасы арқылы өтініш беруге болады және , сондай-ақ АХАТ бөлімдерінің көмегімен жүзеге асырылады.

Өзгелердің жаңалығы