Астана, BAQ.KZ. Бақытты жұптар бірге болып, өздерін қалай жайлы сезінетіндерін айтып берді. Мұндай тақырыпқа Eharmony танысу сайты зерттеу жүргізді.
Бұл сайт ұзақмерзімді некелерге жұп тауып береді. Бұл туралы The New York Post жазады.
Бақытты жұптар көбіне тең экономикалық мүмкіндіктері бар адамдар болып шықты. Респонденттердің жауабына қарағанда, некенің тұрақтылығына екі баладан және отбасының жылдық табысы 75 мың доллардан кем болмауы керек (28,5 млн теңге).
«5 жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда, білімі мен саяси көзқарастары қазір өте маңызды», - деді Eharmony бас директоры Грант Лэнгстон (Grant Langston).
Зерттей қорытындыларына сәйкес, ерлер мен әйелдер үшін «некеге қарағанда бірге өмір сүру маңыздырақ» екен. Бұған респонденттердің 70% сенімді.
Бұдан бөлек, әйелдер серіктесінің қаржылық жағын, ал ерлер жұбының сыртқы келбетін аса бағалайтын болып шықты.
Eharmony сауалнамасына 2,3 мыңнан аса адам қатысты.