Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Неге ешкімді сынамайсыз": Үкімет басшысы жауап берді

Олжас АДАЙ
15 Шілде 2025, 12:07
1951
Бөлісу:
 Үкімет баспасөз қызметі
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектенов басқару мәдениеті туралы ойын ортаға салып, Үкімет жұмысында дауыс көтеру мен үнемі сын айтудың тиімді әдіс емес екенін жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сын айтылып тұрады. Бірақ мен қатты сөйлеп, дауыс көтеруді және үнемі сын айтуды басқарудың ең тиімді тәсілі деп санамаймын. Үкіметте жұмыс істейтін азаматтардың барлығы – үлкен тәжірибе мектебінен өткен, жауапкершілігі жоғары тұлғалар. Адамның ар-ұжданы бәріне өлшем. Бұл – мызғымас қағида. Егер адам өз жұмысын жауапкершілікпен атқарса, өзін де, өз саласын да дұрыс басқара алады. Ал егер басшы тапсырылған жұмысты орындай алмаса, онда әңгіме қысқа – ол басшы бола алмайды, – деді Бектенов.

Премьер-министрдің айтуынша, сын айтылуы тиіс, бірақ оның орны мен уақыты маңызды. Үкімет отырысында кез келген сын факті мен нақты дәлелдерге сүйеніп айтылады.

Еске салайық, Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектенов және оның орынбасарларының қатысуымен БАҚ өкілдері үшін баспасөз брифингі өтіп жатыр.

Бұған дейін Бектенов экономикалық өсімді сақтау үшін тапсырмалар берген еді.

Өзгелердің жаңалығы