Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Депутат Ирина Смирнова мектептердің карантинге жабылу мәселесін көтеріп, Премьер-министр Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдады.
Депутат атағандай, мектептердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету - балалардың психикалық денсаулығы, әлеуметтік өмірі мен білім алуы үшін өте маңызды. Мектептерді жабуды тек соңғы шара ретінде қарастырған жөн. Яғни мектептер ең соңғы болып жабылып, бірінші болып қайта ашылуы керек.
Бұл ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәлімдемесі емес. Бұл 2022 жылдың 11 қаңтарындағы ДДҰ-ның ескертуі. Білім және ғылым министрлігі бүкіл үкіметтің қолдауымен еліміздің 3 ірі қаласы – Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкентте мектептерді толығымен жабу туралы шешім қабылдаудағы субъективті пікірін қолдады. Кезекші сыныптар мен топтар жоқ! – деп айтты Смирнова.
Ол айтып өткендей, қалған барлық аймақта мектептердің, балабақшалардың, бір топта 10 балаға арналған қосымша білім беру мекемелерінің, кафелер, мейрамханалар, кинотеатрлар, шамадан тыс жүктемесі бар қоғамдық көліктердің жұмысына рұқсат етілді.
Адам толы пойыздар жүріп, ұшақтар ұшып жатыр. Ең үлкен қауіп және инфекция таратқышы ретінде тек мектептер ғана танылды. Бұл эпидемия кезіндегі мектептер жұмысының алгоритмі бұрын әзірленіп, сәтті сынақтан өткеніне қарамастан осындай шешім қабылданды. Оқу іс-әрекетінің барлық қатысушы тестілеуді және оң нәтиже алған жағдайдағы әрекеттер алгоритмін орындады. Экспресс-тесттерді қолдануды кеңейту керек, - деп айтты Мәжіліс депутаты.
Ирина Смирнова Үкіметтен 1-6 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар ұйымдастырылу жоспарда бар-жоғын сұрады.
Ел Үкіметінен олардың ата-аналары заң бойынша жалғыз қалдыра алмайтын 1-6 сынып оқушыларын мектептерге баруға тыйым салынған кезде күтімді қамтамасыз ету және оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру үшін кезекші топтарға бөлу жүйесі қарастырылып жатқандығы бар-жоғын білгіміз келеді. Балаларды қауіпсіз орналастыру бойынша ұсыныстар бар ма? Өйткені ата-ана - полицейлер, дәрігерлер, әскери қызметкерлер, өрт сөндірушілер, жүргізушілер, сатушылар кез келген жағдайда жұмысқа шығуы тиіс, - деп түсіндірді ол.
Сондай-ақ депутат объективті көрсеткіштер бойынша еліміздің 3 ірі қаласындағы мектептерді толығымен жабу туралы шешімнің себебі бойынша Денсаулық сақтау мен Білім және ғылым министрлігінен түсініктеме беруді сұрады.