Үндістанда тұрғындар судың орнына алкоголь ағып жатқанына шағымданды

7 Ақпан 2020, 21:30
1472
Бөлісу:
Үндістанда тұрғындар судың орнына алкоголь ағып жатқанына шағымданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның Керала штатындағы Триссур қаласында көпқабатты үйдің тұрғындары суды ішу немесе оған жуыну қиындап кеткеніне шағымданған.

Он сегіз отбасының тұрғындары билікке су іше алмай отырғанын хабарлады. Бұл туралы The News Minute хабарлады.

Айтуынша, басында үйде спирттің иісі шыққан. Келесі күні "ликер мен судың" қосындысы аққан. Сөйтсе, алты жыл бұрын ғимараттың қасында бар болған. Кейін ол жабылып, спирт ішімдіктер тәркіленген.

Өткен апта шенеуніктер оны жою туралы шешім шығарған және бардың қасына көмген. Салдарынан алты мың литр алкаголь су құбырына кіріп, ауызсумен араласып кеткен. 

Енді билік тұрғындар ауызсуды тасып отыр және скважинаны тазартып жатыр.
Өзгелердің жаңалығы