Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы тәулік ішінде Уттар-Прадеш штатында 102 мм дейін жаңбыр жауды. Бұл осы мерзімдегі орташа нормадан айтарлықтай көп. Бұл туралы NDTV арнасы жергілікті төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Қолайсыз ауа райы Бихар, Уттаракханд және Раджастанда да болды. Нөсер салдырынан Үндістанның солтүстік аймағында пойыз және әуе рейстері тоқтатылды. Сонымен қатар, осы штаттардағы мектептерде сабақ 30 қыркүйекке дейін тоқтатылды. Уттар-Прадаш үкіметі қайтыс болғандардың отбасына 400 мың рупий берді.Синоптиктер әлі де қатты жаңбыр жауатынын айтып, қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті.