Үндістанда індет жұқтырғандар жатқан қонақ үй өртенді

9 Тамыз 2020, 16:06
1488
Бөлісу:
Үндістанда індет жұқтырғандар жатқан қонақ үй өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанда коронавируспен ауырғандар жатқан "Сварна палас" қонақ үйі өртенді, деп жазды Хабар24. 

Жергілікті NDTV телеарнасының хабарлауынша, қайғылы оқиға салдарынан 7 адам қаза тауып, 15 адам зардап шекті. 

Өрт Андхра-Прадеш штатындағы Виджаявада қаласында болды. Тілсіз жаудың кесірінен науқастардың үрейі қашып, кейбіреулері ғимараттың терезелерінен секіре бастаған. Ғимаратта барлығы 22 науқас болған.

Алдын ала мәлімет бойынша өрт қысқа тұйықталудан болған.


Өзгелердің жаңалығы