Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның «Чандраян-2» станциясы Ай орбитасына жетті. Бұл туралы ғарыштық зерттеулер ұйымының басшысы Кайласавадивоо Сиван хабарлады, деп жазады 24.kz.
Аппарат 7 қыркүйекте Айға қонады деп күтілуде. Естеріңізге сала кетейік, 20 тамызда үндінің ғарыш аппараты «Чандраян-2» ай орбитасына шықты. Бұл Үндістандағы ғарыштық зерттеулер ұйымының екінші ай серігі. Бұған дейінгі «Чандраян-1» орбитада ғана жұмыс істесе, ал соңғы шыққан аппаратты айдың оңтүстік полюсіне қондыру жоспарланған. Соның арқасында ғалымдар жер серігі туралы жаңа мәліметтер алуды көздеп отыр.