Үндістан халқы топан судан эвакуацияланды

30 Тамыз 2020, 07:40
1476
Бөлісу:
Үндістан халқы топан судан эвакуацияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістандағы су тасқыны  қалың елді әбден әбігерге салды. Табиғаттың тосын мінезінен аймақта мыңдаған адам зардап шеккен, деп хабарлайды 24.kz.

Әсіресе  елдің орталығы мен шығысында орналасқан екі штаттың тұрғындары көп зардап шекті. Осыған байланысты қазір жергілікті халық құтқарушылардың көмегімен қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.

Айта кетейік, тасқын салдарынан ел орталығындағы Райпур қаласында жүздеген үй мен ғибадатхана су астында қалды. Мадхья Прадеш штатында да осыған ұқсас жағдай. Мұнда егістік алқаптарын су шайып кеткен.


Өзгелердің жаңалығы