Назым Қызайбайға 3 бөлмелі пәтер сыйға берілді

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевқа, әйелдер арасынд

17 Тамыз 2024 2024, 20:35
 Алматы облысының спорт басқармасы 17 Тамыз 2024 2024, 20:35
17 Тамыз 2024 2024, 20:35
5565
Фото: Алматы облысының спорт басқармасы

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевқа, әйелдер арасындағы бокстан қола жүлдегері Назым Қызайбайға 3 бөлмелі пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі

Сондай-ақ Олимпиадаға қатысушылар Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко, Мария Дмитриенко және Никита Чирюкин қаржылай сыйлықтар берді.

Қонаев қаласының орталық алаңында Алматы облысы олимпиадашыларының салтанатты жиыны өтті. Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевтың алғашқы бапкері Жұмахан Тұрғанбекке 2 бөлмелі пәтердің кілті табысталды.

Іс-шараның соңы мерекелік концертке ұласты.

Наверх