Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Назым Қызайбай Колумбия боксшысымен кездеседі

3 Тамыз 2024, 10:05
6307
Бөлісу:
 Prosports.kz
Фото: Prosports.kz

Сенбі, 3 тамыз күні қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Парижде (Франция) өтіп жатқан Олимпиада ойындарында ширек финалдық кездесуіне шығады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Prosports.kz мәліметінше, 50 келіге дейінгі салмақта 1/4 финалда қазақстандық Колумбия боксшысы Ингрит Валенсиямен шаршы алаңда кездеседі.

Жекпе-жектің тікелей трансляциясы Астана уақытымен 19:50-де басталады. Оны Qazaqstan телеарнасынан көруге болады.

Айта кетейік, Олимпиада додасы басталғанда қазақстандық спортшы италиялық Джордана Соррентиноны 4:1 есебімен жеңіп, одан кейін бразилиялық спортшы Каролин Барбоза де Алмейданы (5:0) жеңген болатын.

Өзгелердің жаңалығы