Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ел экономикасындағы ағымдағы қаржылық қиындықтар тұрақтылық пен байсалдылықтың нәтижесінде оң шешімін табады. Әркез солай болған.
Ұлттық кеңес мүшесі Марат Башимов бүгінгі биліктің мән-жайына осылай пікір білдірді. Оның пікірінше, осы күнге дейінгі тұрақтылық Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев салған сара жолдың жемісі.
Айта кету керек, транзит Елбасыдан Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтті. Транзит құқықтық салада өтті. Халық қолдады. Қазіргі кезде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев құрған жүйемен ел басқарып отыр. Өйткені ел басқаруда Елбасының еңбегі, тәжірибесі мол. Басқа да дамыған мемлекеттерде, мысалы Америка, Франция, Германия болсын қайсысын алсақ та, ел басқаруда тәжірибелі кісілердің тәжірибелерін қолданады, - деді ол.
Марат Бәшімовтің пайымдауынша, Елбасы тәуелсіздік алған жылдары халықаралық қарым-қатынастарға басты назар аударды. Ядролық қарулардан бас тартты, БҰҰ-ның өзекті мәселелерінің оң шешім табуына үлесін қосты.
Болашақтағы мемлекет ядролық қарудан ада концепциясы, БҰҰ реформалары, Ауғанстан мәселелері, Қауіпсіздік кеңесінің басшысы болғаны, ОБСЕ-ге төраға болу барлығы да халықаралық байланыс үйлесімдігінде. Бәрінде Қазақстанның, Елбасының үлкен үлесі бар. Осы және басқада халықаралық мәселеде Елбасының еңбегі зор. Нәтижесінде Президент Қ.Тоқаевтың "Жусан" операциясы, тағы басқа көптеген бастамалары оң шешімін тапты. Қорытындылай келе айтарым, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың орнықты қойылған сыртқы саясаты незізінде ел басқарып отырған Президен Қ.Тоқаевтың саясаты жүйелі іске асып отыр, - дейді Ұлттық кеңес мүшесі.