Бұл туралы Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми хатшысы Әсел Назарбетова Хабар 24 арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады BAQ.KZ.
Мәжіліске 6 фракция келді. Мәжілісте фракциялардың көп болғаны маңызды. Себебі, бұл сол жерде қабылданатын заңның жан-жақты қаралуына мүмкіндік береді. Заң - әр мүдде тұрғысынан, әр топ тұрғысынан зерделенеді, - деді Әсел Назарбетова.
Сарапшының айтуынша, бүгін Мәжілістің жаңатылған құрамында өткен жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әр партияға жеке-жеке міндеттер жүктеп, әр қайсының ерекшелігін атап өтті.
Партиялар өздерінің сайлауды кезеңдегі берген уәделерін орындауға ұмтылады. Осы жол фракциялар сол мәселенің шешімін табатын заңдарды қабылдауға ықпал жасай алады. Сонымен бірге Үкіметтен ұсынылған заң жобаларын өз мүдде тұрғысынан қарайды. Яғни біз 6 партиядан құралған фракцияның арқасында сапалы заңдарды қабылдауға мүмкіндігіміз жоғарлайды, - деді ол.
Сонымен қатар ол Мәжілістің міндеті тек заңды қабылдап қоймай, оның жүзеге асуына мән беру екенін айтты.