Назарбаевтың жер иелігі: Кім екеніне қарамаймыз - министр

17 Қаңтар 2023, 14:34
1152
Бөлісу:
Назарбаевтың жер иелігі: Кім екеніне қарамаймыз - министр

Үкімет отырысынан соң Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев игерлімей қалған жерлерді қайтару кезінде ешкімнің аты-жөні ескерілмейтінін айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілі министрге «Тұңғыш президент – Елбасы туралы» заң күшін жойғалы жатыр. Осыған байланысты экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы мүшелеріне тиесілі жерлер қайтарыла ма? деп сұрақ қойды.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мұндай кезде азаматтардың кім екені және фамилиясы әсер етпейтінін айтты.

Кім және фамилиясы қандай болмасын, бізге ол әсер етпейді. Бүкіл жерді тексереміз. Жерді тиімсіз пайдалану, оны заңды бұза отырып беру фактілері болса, міндетті түрде жерді тексеріп, мемлекетке қайтарамыз, - деп жауап берді Ербол Қарашөкеев. 

Өзгелердің жаңалығы