Назарбаевтың «Менің өмірім» атты кітабы шықты

1 Желтоқсан 2023, 10:23
2369
Бөлісу:
Назарбаевтың «Менің өмірім» атты кітабы шықты
Фото: twitter.com/Aidos_Ukibay

Бұл туралы экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еліміздің дүкендер желісінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты естелік кітабы сатылымға шықты.

Бұл кітап оқырманды тәуелсіз Қазақстанның тарихына жаңа қырынан үңілуге, азаттықтың алғашқы жылдарында ел тізгінін ұстаған тұлғаның көзімен қарауға жетелейді.

Автор тікелей бел ортасында болған тарихи оқиғалар көрініс тапқан туындыда Нұрсұлтан Назарбаев өзінің өмір жолымен қатар, еліміздің қалыптасуы және даму кезеңдері туралы естеліктерімен бөлісті. Аса маңызды саяси оқиғалар, ауқымды экономикалық жаңғырулар, күрделі халықаралық  келіссөздер, ел басқарған кезде қабылдаған стратегиялық шешімдер туралы баяндады.

Жеке сырын ағынан жарылып айтуы, қаңтар оқиғасына қатысты пайымдауларын ортаға салуы Тұңғыш Президенттің бұл кітабының салмағын арттыра түседі.

«Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» – халқының азаттық туралы сан ғасырлық асыл мұратын ақиқатқа айналдырған көшбасшының жан сыры. 

Өзгелердің жаңалығы