Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат төрағасы Дариға Назарбаева Қазақстан халқын 1 мамыр мерекесімен құттықтады.
Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мемлекеттілігіміздің беріктігінің тірегі - достық пен өзара түсіністіктің, келісімнің мерекесі. Біздің тағдырымыз да, жеріміз де бір, біздің ортақ Отанымыз - Қазақстан. Халқымыздың барлық арман-тілектері бір. Қазақстан ұлттардың, тілдердің, діндердің көптігімен қуатты – делінген құттықтауда.
Сонымен қатар, сенат спикері Қазақстан халқының бірлігі мен отансүйгіштігі - кез-келген ауыртпалықтан алып шығады, індетті де жеңетінін атап өтті.
Еліміздегі әрбір шаңыраққа амандық, зор денсаулық, бақыт пен береке, сүйіспеншілік тілеймін! – деді Дариға Назарбаева.