Назарбаева халықты алаңдататын мәселелер бойынша нақты ұсыныстар жасамақ

23 Қаңтар 2020, 11:45
6777
Бөлісу:
Назарбаева халықты алаңдататын мәселелер бойынша нақты ұсыныстар жасамақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында спикер Дариға Назарбаева халықты алаңдататын өзекті мәселелер бойынша үкіметке нақты ұсыныстар беру керектігін айтты.

Жақында үкімет заң жобалау жұмыстарының осы жылға арналған жоспарын бекітті. 2020 жылғы жоспар жобасына маңызды мәселелерді шешуге, Тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бағытталған 17 заң жобасы енгізілген. Осыған байланысты, комитеттер алдын ала заң жобасын әзірлеушілермен заңнамалық жұмыстарды үйлестіру қажет. Біз осы заңнамалық қызмет пен бірге халықты алаңдататын өзекті мәселелер бойынша Үкіметке нақты ұсыныстар беріп, тиісті заңдарға түзетулер енгізуіміз керек, - деді Дариға Назарбаева. 

Ол осы орайда әріптестеріне депутаттық сауалдардың толық жүзеге асырылуы да назарда болуы керек екенін айтты.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы жылдың қырқүйек айында "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты жолдауын іске асыруға арналған жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын бекітті, - деді спикер.

Ол Сенат заң қабылдауға қатысты мына негізгі мәселерді жүзеге асыру қажет екенін айтты: 

- құқық қорғау органдарының немесе арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің арандатушылық әрекеттері үшін жауапкершілікті күшейту арқылы азаматтардың құқықтарын қорғаудың кепілдіктерін арттыру, сондай-ақ шынайы дәлелдердің жеткілікті жиынтығымен расталмаған мәліметтермен қылмыстық жауаптылыққа тартуға, тек куәлік ету негізінде жауапкершілікке тарту мен соттауға тыйым салу; 

- әкімшілік юстицияны енгізу, заңнамадағы барлық түсініксіз қарама-қайшылықтарды азаматтар мен бизнестің пайдасына түсіндіруді қамтамасыз ету, оларға мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасқа тең жағдай жасау; 

- жергілікті маңызы бар әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуде аудандық, қалалық және ауылдық деңгейдегі биліктің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту. 

Біз өз тарапымыздан заң қабылдау қызметіне жауапкершілікпен қарап, дер кезінде орындауға міндеттіміз, - дейді Дариға Назарбаева.

Өзгелердің жаңалығы