Назарбаев Зияткерлік мектебіне қатысты түсініктеме. Төраға қызметі қайта қаралады

23 Маусым 2022, 11:41
2203
Бөлісу:
Назарбаев Зияткерлік мектебіне қатысты түсініктеме. Төраға қызметі қайта қаралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқу-ағарту министрлігі «НЗМ» ДББҰ-ға қатысты түсініктеме берді.

Біз көпшіліктің жағдайды түсінбейтінін және НЗМ мектептері министрлікке бағынысты деп санайтынын көріп отырмыз. Осы орайда «НЗМ» ДББҰ-ның толық дербестігін қамтамасыз ететін арнайы заң бар екенін еске салғымыз келеді. Яғни, НЗМ мектептері Оқу-ағарту министрлігіне бағынбайды, - делінген хабарламада.

Сәйкесінше, тілдер бөлінісінде квота бөлу, сыныптарды жабдықтау, жаңа мектептер ашу мәселелерін министрлік емес, қамқоршылық кеңесі шешеді. 

Түсіндіретін бір ғана мәселе бар. Дәлірек айтқанда, министр гранттарды тағайындау жөніндегі комиссияның төрағасы екені тарихи түрде қалыптасқан, алайда оның сыныптарға қабылдау, сыныптарды жинақтау және оны ашу саясатын анықтауға құқығы жоқ. Сондықтан төраға қызметі қайта қаралады. Негізгі шешімдерді қабылдайтын адамдар конкурс комиссиясына төрағалық етуі керек, - делінген министрлік түсініктемесінде.

Өзгелердің жаңалығы