Жұмыс істейтін жастарға жалдамалы үй салынады – Назарбаев

23 Қаңтар 2019, 13:44
6786
Бөлісу:
Жұмыс істейтін жастарға жалдамалы үй салынады – Назарбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Жастар жылының ашылуында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана, Алматы және Шымкентте жұмыс істейтін жастар үшін жылына бір мыңнан кем емес пәтер салуды тапсырды. 


«Біз Жастар жылын жайдан-жай жариялаған жоқпыз. Біз жас қазақстандықтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін жастарды қолдауға арналаған қарапайым және  түсінікті құралдарын әзірлеуіміз керек. Бұл дегеніміз 4 нәрсе: қолжетімді сапалы білім, жұмыс пен баспананың болуы, отбасы құруға жағдайдың болуы. Осы төрт нәрсе өте маңызды, бұған жастар мен мемлекет назар аударуы тиіс. Сол себепті Үкіметке, Президент әкімшілігіне келесі шаралармен жұмыс істеуді тапсырамын», - деді Назарбаев.

Президент Қазақстанда жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үйлер салынатынын айтты.

«Баспана мәселесінің өзектілігін есепке ала отырып, біз қанша салсақ та, үнемі жетпейді. Ірі қалалардың, 3 миллион қаламыздағы жас отбасылар үшін... Миллион қалалар көп болуы үшін, себебі басқа әлемдегі қалалар секілді онда ғылым, білім, мәдениет дамиды. Сарапшылар әлемнің 600 ірі қаласында әлемдік өнімдердің 60 пайызы өндірілетінін айтады. Алматы миллонер қала, енді Астана мен Шымкент қосылды. Кезекте тағы екі қала тұр және біз мұны жасаймыз. Осы үш қалада жұмыс істейтін жастар үшін жылына мыңнан кем емес пәтер салатын боламыз. Бұл пәтерлер жалға берілетін тұрғын үй санатына жатқызылуы тиіс. «7-20-25» бағдарламасы да бұл мәселені шешуге бағытталған. Бағдарлама бойынша баспана алуға тек жұмыс істейтіндер үміткер бола алатынын естен шығармау керек. Жалға берілетін тұрғын үй секторын дамыту – әлемдік тәжірибе. Кеңес Одағында біз пәтерге  «байланып» қалатын едік. Ешқайда кете алмайсың, өйткені пәтер сенікі емес, мемлекеттікі, басқа жерде ешкім саған баспана бермейді. Солай болатын», - деді Елбасы Астанада жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде.

Бүгін «Нұр әлем» көрме кешенінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылы салтанатты түрде ашылды.
Жас кәсіпкер Расул Абдуллаев елімізді ребрендинг жасайтын ұйым құруды ұсынды.

«Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атаумен өтіп жатқан салтанатты шараға бас қосқан белсенді жастардың бірі Тамила Розметова Астанада алма бағын отырғызатынын айтты.

Атап өтсек, моңғолиялық қандасымыз қазір елордалық мектепте білім алып жатыр. Бұған дейін құсбегілік өнерін әлемге танытқан бүркітші қызбен сұхбаттасып, Елбасымен кездесу алдындағы көңіл-күйін сұрастырған едік.

Қазақты әлемге танытқан бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Моңғолияға шақырды.

Wikibilim қоғамдық қорының жетекшісі, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан Жастар жылының ашылу салтанатында Астана ашық университет жобасын таныстырды.

Жиында жастарды тыңдаған Мемлекет басшысы «сөзді тоқтатпай, айта берсін деген ой келді» деді. Елбасы Жастар жылының маңыздылығын атап өтті.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарабев бүгінгі жастармен кездесуінде жеңіл өнеркәсіп саласына назар аударды.

Сондай-ақ, Елбасы волонтер студенттердің шәкіртақысын көтеруді тапсырды.

Назерке Абибулла

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Өзгелердің жаңалығы