Назарбаев Түркістандағы құрылыс жұмыстарымен танысады

4 Қараша 2019, 22:15
1574
Бөлісу:
Назарбаев Түркістандағы құрылыс жұмыстарымен танысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібаев мәлімдеді.

Түркістан - түркі әлемінің алтын бесігі. Былтыр бұл шаһарға жаңа мәртебе берілді. Түркістан қаласы мен осы өңірдің дамуы қашанда Елбасының жіті назарында. Н.Назарбаев бүгін және ертең еліміздің рухани астанасында қарқын алған құрылыс жұмыстарымен танысуды жоспарлап отыр, - деп жазды Айдос Үкібаев өз парақшасында.
Сонымен қатар, Түркістан облысына сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа Тұңғыш президент Саябағындағы ойын-сауық паркінің құрылыс жобалары таныстырылды.

Сондай-ақ, Елбасы желілік саябақ жасау жоспарын көріп, қалалық Арбатты қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Қазақстанның Тұңғыш президентіне "Күлтөбе қалашығы" археологиялық саябағын құру жобасы туралы ақпарат берілді.


Өзгелердің жаңалығы