Назарбаев пен Тоқаев кездесті

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды.</h4>

 27 Тамыз 2020 2020, 17:28
27 Тамыз 2020 2020, 17:28
2347

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды.

Бүгін Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кездесуі өтті, - деп жазды Айдос Үкібай.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы Саяси кеңес Бюросы отырысының күн тәртібі мен партияның сайлауалды тұғырнамасының негізгі тармақтарын қарастырды.

Әңгіме барысында Елбасы мен Мемлекет басшысы дағдарыстан кейінгі кезеңде елдің одан әрі дамуын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Наверх