Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.
«Кездесу барысында күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Бұған қоса, алдағы кезеңге жұмыс жоспары қаралды», - делінген elbasy.kz сайтында.
Сонымен қатар, елдегі қоғамдық-саяси жағдайға және азаматтық қоғам институттарын дамыту саласына ерекше назар аударылды.