Назарбаев мемлекетке қол жаятындарға: «Жұмыс істеңдер»

21 Тамыз 2019, 12:50
2493
Бөлісу:
Назарбаев мемлекетке қол жаятындарға: «Жұмыс істеңдер»
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға мемлекетке қол жаймай жұмыс істеу керек екенін айтты. 

«Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында күн сайын жүздеген алғысөз сөйлеп, ел ішінде 1000-нан астам сапар жасауға тура келді. Себебі, ештеңе жоқ, айлық жоқ, дүкендер бос. Барлығы «бер» дейді. Мемлекетте жоқ болса қайдан береміз? Қазір де 30 жылғы ұранды көтереді. «Маған бер, менің балам көп, айлығым аз, бер» дейді. Егер мемлекет тапсырмаларды шешіп, берсе, «аз, тағы да бер» дейді. Қараңыздар. Бір миллион оралмандарды шақырып, алып келдік. Бір де бір мемлекет оны жасаған жоқ. Алып келіп жұмыс істеңдер, балаларың үйленсін, өссін десек, олар «маған беріңдер» дейді. Жұмыс істеңдер. Жұмыс істемеуге болмайды. Мемлекет қаржысын жинайтын – ел, халық. Ол халық жұмыс істемесе, мемлекеттің қалтасында ақша болмаса нені береміз деп айтып, нақты елге түсіндіру керек емес пе? Қалай қарайсыңдар? Өмірзақ Естайұлы, қарап отырсың, а? Сондықтан форма, стиль, кабинет, отырыс, шенеуніктердің дресс-кодын тоқтату керек. Сайлаушыларға барып, мұғалімдер, дәрігерлер, өндіріс орындары қызметкерлері секілді партияның қарапайым мүшелерінің мүдделерін қорғау керек. Басты ұран – халыққа жақын болу», - деді Назарбаев. 

Бұған дейін Елбасы бүгінгі күні бүкіл әлемде саяси партиялар жаңа міндеттерге тап болып отырғанын және сайлаудың барлығы конституциялық мерзімде өтетінін айтты. 

Өзгелердің жаңалығы